Шарада Президенттің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай мен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі.
Президент Телерадиокешенінің жаңа маусымы Jibek Joly телеарнасының жаңа жобаларымен ғана емес, жаңартылған Kazinform агенттігінің таныстырылымымен де ерекше.
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр.
Жаңа техникалық платформаға ауысып, жаңа сайт ретінде түрленіп жатыр және үнемі жетілдіріліп отырады.
Агенттіктің ақпарат саясатында да өзгерістер бар. Ақпарат беру тәсілі өзгеріп, мультимедиалық мазмұны үлесі артып келеді.
Агенттік стандартты ақпарат таратудан бірегей эксклюзивті мазмұн ұсынуға көшіп отыр.
Ондай бірегей ақпарат Қазақстан аумағымен шектелмей, Орталық Азия мен бүкіл әлемді қамтиды.