ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында құрылыс биыл да қарқын алды.
Алдымен жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын аудандық прокуратура кеңсесінің қадасы қағылған болатын. Аз уақыт ішінде қабырғасы қаланып үлгірді. Жұмыс іркіліссіз жүргізілуде.
Сонымен қатар биылға жоспарланған коммуналдық бір пәтерлі төрт үйдің де орны белгіленіп, қадасы қағылды. Әрқайсысы 80 шаршы метрлік бұл үйлерді салуға республикалық бюджеттен 21,9 млн. астам теңге бөлініп, құрылысты жүргізуді «Разак» ЖШС (бастығы Ақан Табышев) жауапкершілігіне алып, жұмысты бастап кетті.
Бұл төрт үй де биылғы жылы қыркүйек айының соңында құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).