Жаңақалада шабындық өртенді - БҚО

ОРАЛ. 14 маусым. ҚазАқпарат - 14 маусым күні БҚО төтенше жағдайлар департаментіне Жаңақала ауданы Пятимар ауылдық округінде шабындық жер өртенгені жөнінде хабар түсті.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Зейнепқұдық мекенінде - 190 га, Қаражігітте - 195 га, 1 Масқарда - 180 га, 2 Масқарда 185 га, барлығы 750 гектар жер отқа оранған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері автокөліктерімен, сондай-ақ Пятимар ауылдық округінен ерікті жасақ пен техникалар қатыстырылды.

Қазіргі кезде өрттен келген шығын анықталуда.