Жаңақалада таза су қондырғысы орнатылды

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы орталығында таза су қондырғысы іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Төлеген Мерғалиевтің атап өткеніндей, бұған дейін ауданда су тазарту қондырғылары «Таза су» бағдарламасына сәйкес орнатылса, бұл жолы «Интергаз Орталық Азия» АҚ Орал магистральды газ құбырлары басқармасы демеушілік жасап отыр. Аталмыш басқармаға қарасты мекемеде Жаңақаланың 300-дей тұрғыны еңбек етеді. Басқарма бастығы Владимир Лехманның айтуынша, бұл - су тазарту қондырғыларының ішіндегі ең сонысы. Оның қуаты 700 текше метр су тұщытуға жеткенмен, әзірге 500 текше метр су тазартылмақ. Бұның 100 текше метрі мекеме қажетіне жұмсалса, қалғаны ауылға жіберіледі. Жаңа нысанның жобасы мен құрылысына 60 млн. теңге жұмсалды.