деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бүгін, сағат 04.04-те Қызылорда облысы Жаңақорған қала үлгісіндегі кенттің М. Көкенов көшесінің бойында орналасқан бір қабатты төбесі жабылған «Нұр» базарының шатыры өртенді. Жалын 375 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 07.29-да сөндірілді, оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.