Жаңақорған кентінде жаңа аурухана пайдалануға берілді
14:13, 27 Қаңтар 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жаңақорған кентінде жаңа 190 орындық аурухана ғимараты пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төрт жыл бойы аурухана құрылысын жүргізген қызылордалық "Энергия" құрылыс компаниясы әлеуметтік нысанға бөлінген республикалық бюджеттің 1 млрд. 177 млн. теңгесін, облыстық бюджеттің 262 млн. теңгесін толық игерді. Ауруханада перзентхана, жүктілік паталогиясы, хирургия, терапия, балалар және жұқпалы аурулар бөлімдері жұмыс істейді. Емдеу орны заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұндай аурухананың пайдалануға берілуімен тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы жақсара түсетіні айтпаса да белгілі.