Қаржы жоқтығына байланысты «Жаңақорған шипажай» ЖШС сатылмады. Енді бұл үшін екінші деңгейлі банктен несие алу мәселесі шешілуде. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде былтыр облыстағы коммуналдық кәсіпорын - салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы төрт рет сауда-саттыққа шығарылып, сатып алушы болмағандықтан коммерциялық тендерлер өтпеді деп танылған-ды.
«Жаңа жоспарға сәйкес жекешеленуі тиіс коммуналдық меншіктің 5 объектісі анықталды. Олардың қатарында «Байқоңыр» корпорациясына қарасты «АгроХолдинг Байқоңыр», «Жаңақорған шипажайы», «Қызылорда құс фабрикасы», «Арал балық өңдеу зауыты», «КазРосИнновация», «Жан-Арай Жем» серіктестіктері де бар», - деді басқарма басшысы.