Жаңақорғанда көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы қаланды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған кентінің «Саяжай» аумағынан он сегіз пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жобаны «СМП - Қызылорда» ЖШС жүзеге асырмақ.

Бұған кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған гранттық қаржыландыру шеңберінде 30 миллион теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек  Ысқақов қатысты. 

  Қазіргі таңға тұрғын үйдің іргетасын орналастыру жұмыстары атқарылуда.  Көп қабатты тұрғын үй жобасында: 1 бөлмелі - 3 пәтер, 2 бөлмелі - 6 пәтер, 3 бөлмелі - 9 пәтер жоспарланған. 

 2017 жылы Саяжай мөлтекауданында 15 көп қабатты тұрғын үй салып, 466 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 60 бос жұмыс орындары ашылып, аудан аумағындағы жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылатын болады.