Жаңақорғанда жастар «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жаңақорған–Шалқия автожолы бойында «Таза өлке — ортақ жауапкершілік» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Акцияның негізгі мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру және аудан аумағын көркейту.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тазалық жұмыстарына 50-ге жуық белсенді жас пен «Жаңарған Жаңақорған жастары» ұйымының мүшелері қатысып, ауданға кіреберіс саналатын Жаңақорған–Шалқия автожолында айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында жастар тазалық пен тәртіпті сақтау — қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Белсенді жастар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетті.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұндай шаралар жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Таза орта — елдің көркі. Туған жерге жанашырлық тазалықтан басталады!