Жаңалығы жоқ технологиялық жобаны инновация деуге болмайды -
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Осы уақытқа дейін еліміздегі технологиялық парктерді ашу бастамасы жоғарыдан басталып, бюджеттен қаржыландырылып келді. Алайда олар әлі күнге дейін бос тұр. Инновациялық деп аталып жүрген жобалардың өзіне тән жаңалығы жоқ. Сондықтан шетелден сатып алынған дайын технологияны инновация деуге болмайды. Ғалымдарымыз қайда, олардың не істеп жүргені ешкімді қызықтырмайды", дейді ол. Оның айтуынша, Қазақстандағы алғашқы жеке технологиялық бұл парктің бастамасы төменнен басталған. Оның басты мақсаты - өндіріске жаңалық енгізу. Жаңа бизнес субьектілерінің ашылуына түрткі болып, олардың 3 жылдың ішінде аяғынан тұрып кетуіне себепкер болу. Өйткені қазіргі бизнес инкубаторлар өз қызметін дұрыс атқара алмауда. Ондағы кәсіпорындар өз ұясынан түлеп ұшуға асықпайды. Сол себепті бизнес субьектілері жаңа технологияларды өндіріске енгізу кезінде өзгенің арзан және ескі құрал-жабдығын сатып алып, жаңа өнім түрлерін өндіруде шапшаңдық көрсете алмай келе жатыр.