N 1 сайтының хабарлауынша, зерттеушілер БАҚ-тағы «байбаламның» эпидемия таралмауына оң әсер ететіні дәлелдеген.
Бұл зерттеуге деректер қытайдың 36 млн адам тұратын Шэньси провинциясынан жиналған. Үш ай ішінде ғалымдар жаңалықтағы эпидемия туралы хабарламаларды, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған сырқаттар туралы мәліметтерді жинаған.
Бір қызығы эпидемия туралы ақпараттар жиі жария етілген 10 күн ішінде ауруханаға осы сырқатпен түскендер саны екі есеге азайып кеткен.
Ғалымдар бұл құбылысты БАҚ-тың адамдар әрекетіне әсер ететіндігімен байланыстырады.