«Бүгін кардиологиядағы вакцинация жайында сөз қозғап отырмыз. Өйткені, коронавирус инфекциясымен ауырып жазылғандардың немесе ауырғандардың арасында жүрек қан-тамыр ауытқулары өте көп болып отыр. Қазіргі уақытта барлық орталықтандырылған зерттеулер бойынша коронавирус инфекциясының ауыр формасы дамуының ең бірінші тәуекел факторы – бұл жүрек қан-тамыр аурулары», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Дегенмен, бас кардиологтың айтуынша, аталған зерттеулерге қарамастан Covid-инфекциясының өтуін алдын ала болжау өте қиын. Себебі қазіргі уақытта жанама аурулары жоқ жас пациенттердің арасында да коронавирус инфекциясының ауру өтуі, өкпе қабынуының жоғары болуы байқалады.
«Мұны өткен жылдың көктем және жаз айларында біздің орталық Covid-клиникаға ауыстырылуына байланысты айтып отырмын. Сол кезде коронавирустың ауыр және орташа формасына шалдыққан әрі ауруханаға жатуы тиіс пациенттерге көмек көрсеткен едік», - деді Махаббат Бекбосынова.