10 мамыр сағат 12:00 шамасында Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелді.
«Құқық бұзушылармен прокуратура және әкімдік қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізді. Жиналғандар ескертуге қарамастан ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабын бұза отырып (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын бұзу) наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді» делінген баспасөз мәліметінде.
Полиция қызметкерлері 17 құқық бұзушыны полиция басқармасына жеткізді.
Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, үйлеріне жіберілген.