Жаңаөзен қаласында «Сайлауға барасың ба? Сигнал бер!» атты флешмоб өтті (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзеннің белсенді жастары Қазақстан Республикасы Президенттік сайлауына қолдау көрсету мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Олар қала көшелерінің бойында «Сен сайлауға барасың ба? Сигнал бер!» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шығып, тұрғындарды сайлауға шақырды.

«Алдымыздағы жексенбіде өтетін сайлауға дауыс беруге шақыру үшін біз осындай қызықты түрде флешмоб жасадық. Өйткені жұмыс күндері азаматтардың көбі көлік үстінде болады, сондықтан біз олардың бір жағынан көңілдерін көтеруге, екінші жағынан сайлауға келуге назарларын аудардық», - дейді еріктілердің бірі Əділет Батырхан.