Жаңаөзен қаласындағы азық-түлік қорларының көлемі ең төменгі сұраныстан 1,5 есеге артық

None
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласындағы азық-түлік қорларының көлемі ең төменгі сұраныстан 1,5 есеге артық,

деп хабарлады ҚР Премьер- Министірінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Маңғыстау облысының аймақтық Тұрақтандыру қорына жалпы көлемі 5 120 тонна азық-түлік жеткізілген, оның ішінде Ақтау қаласына 4 437 тонна және Жаңаөзен қаласына 683 тонна азық-түлік әкелінген.