Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері 1,5 млрд. теңге көлемінде несие алды
12:02, 30 Желтоқсан 2013
АҚТАУ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлігін дамыту арнайы жоспары бойынша 2012 жылдың басынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін 52 жеке кәсіпкерлік субъектісі екінші деңгейлі банктер арқылы 1,5 млрд. теңге көлемінде қаржы алды.
2012, 2013 жылдары қаржыландырылған іскерлер жобаларының саны - 26.
«Екінші деңгейлі банктердің несиелері бойынша төлемдерді субсидиялау немесе басқа қаржыландырылған ұйымдарға қатысты 44 кәсіпкер 59 субсидиялау келісіміне қол қойды. Несие қоржынының жалпы көлемі 1 млрд. 200 млн. теңгені құрады», - дейді Жаңаөзен қаласы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту орталығының бас менеджері Бибігүл Салықбаева.