Намазхан апелляцияға беріп, істе жеңіп шықты. Айппұл алынып тасталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Аталмыш әкімшілік іс ақпан айының басында Жаңаөзен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бабы 2-тармағы («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») бойынша қаралған болатын. Алайда, құқық бұзушы апелляциялық шағым білдіріп, бұл іс Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасында қайта қаралды.
«Мешіттің ішкі жарғысына сәйкес, «әумин» сөзін микрофонмен дауыстап айтуға тек имамның құқы бар. Қалғандары оны өз ішінен айтуы керек. Мұсылман Д. «әумин» сөзін бірнеше рет дауыстап айтып, имамның ашуын келтірген. Бірақ, имам хаттаманы сол сәтте емес, 20 күннен кейін толтырған. Заң бойынша оны сол сәтте толтыру керек болған. Құқық бұзушының өзі судьяға «әумин» сөзін әдейі естіртіп айтпағанын, даусы еріксіз шығып кете бергендігін және имамға немесе оның жұмысына кедергі келтірмек ойы болмағанын айтқан», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Гаухар Нұрханова.