Қазір Арыстан 13 жаста, Жаңаөзен қаласының №20 орта мектебінде 8-сынып оқушысы. Бүгінде ол тоқаш пісіреді.
«Тәтті нан өнімдерін 6-7 жастан пісіріп бастадым. Болашақта арманым ветеринар болу және наубайхана ашу. Негізі барлық тағам түрлерін, тәтті торттар да пісіре аламын. Дегенмен, тәтті нан өнімдерін сүйіспеншілікпен жасаймын. Қазіргі таңда өзім дайындаған нан өнімдерін сатып, үйден тапсырыс қабылдаймын. Ол менің болашақтағы кәсібім емес, жай ғана қызығушылығым», - деді Арыстан Бекмұханбет.
Арыстанның анасы Мәншүк 13 жастағы баласына қолдау көрсетеді. Арыстанның ертеңіне үлкен үміт артып, талай белестерді бағындыратынына жақын жандарының да сенімі мол.