Ер адам 11 маусымда үстіне құбыр құлап кеткеннен кейін аяғын жарақаттап алған.
Басында ол Жаңаөзен қалалық ауруханасында жатқан. Кейін аурухана басшылығы науқасты ота жасау үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылдаған.
Зардап шеккен жігіт облыстық аурухананың травматология бөліміне 20 маусымда ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
«Науқастың оң жақ жілігі сынған. Дәрігерлер оны ота жасауға дайындап жатыр», - деп түсіндірді Айтқали Шалабаев.