Жаңаөзенде 44 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

Фото: Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде пышақ жарақатынан 44 жастағы ер адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан болған.

— Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкоголь ішу барысында болған. Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. 

Бұған дейін, Жаңаөзенде жас дәрігер кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Одан кейін, жеті баланың анасы пышақ жарақатынан тіл тартпай кетті. Күдікті — күйеуі.