Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бүгінде аталған қалада қару, оқ -дәрілер, жарылғыш заттар, сондай-ақ ұрланған заттарды табу мақсатында үйлерді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Н.Сүйіндіков өз сөзінде Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік барысында 14 адамның қаза болғанын нақтылап өтті. Олардың жеке бастарын анықтау жөніндегі жұмыстар аяқталды.
18:34, 20 Желтоқсан 2011
Жаңаөзенде 90-нан аса үй тексеріліп, олардың кейбіреулерінен жанғыш қоспа құйылған ыдыстар, ұрланған заттар табылды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде Жаңаөзенде 90-нан аса үй тексеріліп, олардың кейбіреулерінен жанғыш қоспа құйылған ыдыстар, ұрланған заттар табылды.