Қала тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай туғызу үшін қолға алынған жобаның құрылысы бүгінде жүріп жатыр.
«Жобаға сәйкес Қосқұлақов көшесі мен Сәтбаев көшесіне дейін және Қосқұлақов көшесінен Өркен шағынауданының №1 үйіне дейінгі аумақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қоғамдық орынның жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды», - деп мәлім етті Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Орталықта табиғи ағаштан жасалған 2 ойын алаңы, әртүрлі әткеншектер, субұрқақ, 2 стритбол алаңшасы, жаяу жүргіншілер жолы болады. Сондай-ақ көлеңкелі шатырлар мен сауда павильондарын орнату қарастырылған. Аумақ толықтай көгалдандырылады.
Құрылыс жұмыстарын қала құраушы компания қаржыландырған.
Осыған дейін Ақтау қаласында да аумағы 23 гектар болатын орталық саябақ салынып жатқанын жазған едік.