Сотта анықталғандай, сотталушы А. қасақана, бұзақылық ниетпен Жаңаөзен қаласы, «Өркен» шағынауданында орналасқан «Қуаныш» мейрамханасының алдында жәбірленуші Г-ға себепсіз тиісіп, оны соққының астына алған және қоғамдық орында айқай-шу шығарып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен.
Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 134 500 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.