Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды
15:38, 01 Наурыз 2021
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Жаңаөзен қаласында екі адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекшіге сағат 09:00-де қоңырау түскен.
«Жаңаөзенде жеке тұрғын үйде улы газбен уланудан оқиға орнында 1965 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйел адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.
ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша қайғылы жағдайға жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаму себеп болған.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда Форт-Шевченко қаласында екі адам газдан уланып зардап шеккен болатын.