АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласында көшеде мылтықпен жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сәйкес, оқиға кеше сағат 19.50 шамасында болған.
«Көктем» шағынауданында 5548-әскери бөлім жауынгерлері сержант Шынбол Ақан, қатардағы жауынгерлер Дәуренбек Сайпуллаев пен Жанболат Әбдіхайым «DAEWOO Matiz» автокөлігінің жанында өзін дөрекі ұстаған жас жігітті байқаған. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған ол өзін тоқтатқан жол полициясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтып тұрған. Ұлттық ұлан жауынгерлері тәртіп сақшыларына дер кезінде көмекке барған. Бұзақылық іс-әрекетті тоқтатуды талап еткендерге құлақ аспаған жас жігіт сытылып кетпекші болғанымен, ол ойы жүзеге аспады.
Куәгерлердің қатысуымен оған тінту жүргізілген. Нәтижесінде, тегіс ұңғылы 16 калибрлі «ТОЗ» мылтығы табылып, тәркіленді.
Бұзақы полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).