Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, жалын шамамен 980 шаршы метр аумақты шарпыған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тілсіз жау 23:02-де ауыздықталып,23:17-де толықтай сөндірілді.
Өрті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер және 6 техника, қалалық ішкі істер бөлімінен 6 қызметкер және 3 техника, Семсер-өрт сөндіруші Жаңаөзен филиалынан 16 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды.
Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров барды. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Зауыт жұмысын жалғастыруда.