Жаңаөзенде газ өңдейтін зауыт отқа оранды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде «ҚазГӨЗ» ЖШС-нің аумағында 6 маусым күні сағат 23.22-де өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт №1 (2 блок, 28 торап) компресс цехынан шыққан.

Өрт толығымен сағат 01.05-те сөндірілді. Технологиялық үдеріс тоқтатылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 66 адамы мен 6 техникасы, ҚР ТЖМ «Өрт сөндіруші-М» АҚ-ның 7 адамы мен 1 техникасы, «Семсер-өрт сөндiрушi» ЖШС-нің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 44 жастағы цех операторын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.