ЖАҢАӨЗЕН. KAZINFORM — Жаңаөзен қаласында «ГАЗель» жүргізушісі Nissan Maxima көлігіне жол бермеуінің салдарынан инкассатор көлігі аударылды.
— Жол апатынан зардап шеккен бір адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шегуші адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге шығарылды, — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Апатты оқиғаға байланысты «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін заң бойынша шара қолданылады.
Оған апат кезінде адам денсаулығына зиян келтіргені және көлік пен өзге де мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылып отыр.
Жанкелді Қаржан
2006-2010 ж.ж. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды. Мамандағы - журналист. Еңбек жолын 2008 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде бастап, 2010-2015 ж.ж. «Халық сөзі», «Алаш айнасы» басылымдарында еңбек етті. «Экспресс К», «Аrbat.media.kz», ақпараттық сайттарында жұмыс істеген. 2022 жылдан mangystaumedia.kz қызметкері, 2024 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі.