Жаңаөзенде қант зауыты ашылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бір айдан соң Жаңаөзенде күніне 10 тонна қант шығаратын зауыт ашу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзендегі «Орда» деп аталатын қант зауытының құрылысына облыс әкімі Серікбай Трұмов барып, аралап көрді.

«Бір айдан соң зауыт ашылады деп жоспарланып отыр. Шикізатты Ресейден алып келеміз. Зауыт 24 сағат бойы жұмыс істейді. Қызметкерлер 3 ауысымда еңбек етеді. Жоспар бойынша күніне - 10 тонна, айына - 300 тонна қант шығарылады»,-дейді кәсіпорын директоры Ерболат Сүлейменов.

Айта кетейік, қазіргі таңда нысанның 90 пайызы аяқталып тұр.