Жаңаөзенде пневматикалық қарудан ату жарысы өтті

None
АҚТАУ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласының 16 мектебі мен политехникалық колледжінің оқушылары қатысқан пневматикалық қарудан ату жарысын «Отан» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.  

Әр топта 3 ұл 2 қыздан болды.

 «Мұндай дәстүрлі жарысты қала жастарының арасында өткізудегі мақсатымыз - жасөспірімдер  бойына азаматтық патриоттық тәрбиені қалыптастыру. Әскер қатарына аттанып, ел алдындағы борыштарын өтеуге дайындау. Өткен жылдың желтоқсан айында қаламыздан жіберілген 3 команда Маңғыстау облысының атынан республикалық сайысқа қатысып, 21 команданың ішінен 1-ші орынды иеленіп келген болатын. Балалардың қырағылы мен шеберлігі жақсы деңгейде» ,- дейді «Отан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрдыбек Салықов.

Үш сағатқа созылған сында командалық есеппен Жаңаөзен қаласының №3 орта мектебінен құралған топ бас жүлдені иемденді. Олар алдағы күндерде Павлодар қаласында өтетін республикалық пневматикалық мылтық ату жарысына қатысып, Жаңаөзен қаласының абыройын қорғамақ.

 Сайыс жеңімпаздарын Ұлы Отан соғысының  ардагерлері марапаттады.