ЖАҢАӨЗЕН. KAZINFORM — Жаңаөзен қаласында дүкен ашқан кәсіпкер тұрғындарға жүгеріні тегін таратқаны үшін жауапқа тартылды. Адам көп жиналып, салдарынан жол қозғалысына кедергі келді. Бұл жағдай біраз уақытқа созылған.
Жаңаөзен қалалық полициясының мәліметінше, оқиға демалыс күні болған.
Адамдардың шамадан тыс жиналып, жүгеріге таласқаны туралы бейнежазба желіде тарады.
Осыдан кейін тұрғындар жағдайға байланысты шағым білдірген.
«11 ақпан күні сағат 15:00 кезінде Жаңаөзендегі Өркен шағынауданы № 56 үйінің 1 қабатынан „Жаным“ гүлдер салонының ашылуына орай дүкен иесі балаларға арнап тегін жүгері таяқшаларын таратқан. Ата-аналар мен балалар көп жиналып, аула ішіндегі жол қозғалысына кедергі келтірді. Жаңаөзен полициясы дүкен иесі Е. Ыбыраевқа ӘқбтК 614-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік шара қолданды», — деп жазылған қалалық полиция басқармасы таратқан мәліметте.
Жанкелді Қаржан
2006-2010 ж.ж. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды. Мамандағы - журналист. Еңбек жолын 2008 жылы «Орталық Қазақстан» газетінде бастап, 2010-2015 ж.ж. «Халық сөзі», «Алаш айнасы» басылымдарында еңбек етті. «Экспресс К», «Аrbat.media.kz», ақпараттық сайттарында жұмыс істеген. 2022 жылдан mangystaumedia.kz қызметкері, 2024 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі.