Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесінен ₸77 млн табыс тапқан қылмыстық топ ұсталды

Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Pexels

Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметін атқарған.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.

Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жарияланбайды.