Жаңаөзендегі оқиға бойынша сот тыңдаулары ҚР Жоғарғы сотына дейін жетуі мүмкін - Азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия төрайымы
Бұл жайында ол бүгін аталған сот отырыстарына байланысты Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік жөніндегі іс бұдан кейін ҚР Жоғарғы сотында қарастырылуы мүмкін бе?», деген сауалға комиссия төрайымы : «Әрине, ықтимал»,-деп топшылады.
Бұдан бөлек, «аталған сот отырысындағы айыпталушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына негізделген рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе?»,- деп қойылған сұраққа З. Федотова нақты жауап қайтару қиындау екенін жеткізді. «Менің пайымдауымша, олар бұл заң аясындағы рақымшылыққа іліге алмайды. Осы азаматтар кешірім жасау институтына өтінім жасай алады. Алайда, бұл қылмыстық істер бойынша сот аяқталған жоқ. Сондықтан біз бұл жерде абстрактілік түрде талқылып жатырмыз, ал іс бойынша нақты шешім шығарылған жоқ»,-деп түйіндеді ол.