Жаңаөзендегі жағдай азаматтардың заңдылықтың орындалуы бағытында жұмыс жасауы керектігін көрсетті - Б. Бекназаров
11:49, 22 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жаңаөзендегі жағдай азаматтардың елімізде заңдылықтың сақталуы бағытында жұмыс жасауы керектігін көрсетті.
Бұл туралы бүгін Астанадағы «Конституциялық заңдылық - құқықтық мемлекеттің және тұлға еркіндігінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Жоғарғы Соттың төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.
«Соңғы кезде Жаңаөзенде орын алып отырған жағдай біздің мемлекетімізде конституциялық заңдылықтың, жалпы заңдылықтың сақталуына барлық мекемелер мен барша азаматтар бар күшін салып, осы бағытта жұмыс жасау керектігін көрсетті»,-деді Б. Бекназаров өз сөзінде.
Осы тұрғыда Жоғарғы Сот төрағасы еліміздегі тұрақтылық пен тыныштықты нығайту негізгі басымдық екенін айтып өтті.