Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті. «Атап айтқанда, қылмыс жасады деген күдікпен, яғни жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу тұрғысында 10 адам ұсталды. Оның 8-і соттың санкциясымен қамауға алынды», деді ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, Жаңаөзендегі жағдай, бүкіл облыс аумағындағыдай қалыпты және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр. Жаңаөзен қаласында және Шетпе кентінде өткен тәулік ішінде бірде-бір қылмыс жасау фактісі тіркелген жоқ.
18:29, 20 Желтоқсан 2011
Жаңаөзендегі жағдай, бүкіл облыс аумағындағыдай қалыпты - Бас прокуратура өкілі
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 16 желтоқсаннан бүгінге дейін Жаңаөзенде құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 38 адам тартылды.