Жаңаөзендегі жағдайдың тұрақтанғандығын айтуға болады - әкім кеңесшісі Ж.Ойшыбаева
«Екінші деңгейлі банктердің филиалдары өз қызметтерін жаңғыртуда. Мәселен, Халық банкі филиалының 107 қызметкері инкассация қызметімен бірге толық құрамда өз жұмыстарын қалпына келтіруде. Альянс банкінің филиалы да жұмысқа дайын», - деді ол.
Сонымен қатар Ж.Ойшыбаеваның айтуынша, Өзен және Қаражамбас кен орындарының ең маңызды өндірістік нысандарында, сонымен қатар жанармай мен қызметкерлердің қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» Өңдеу және маркетинг» АҚ-ына тиесілі Жаңаөзен қаласындағы жанармай құю стансаларында тәуліктік күзет ұйымдастырылды.
«Толықтай алғанда, Жаңаөзен қаласындағы жағдайдың тұрақтанғандығын айтуға болады. Жедел ахуал әлі де болса ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов басшылық жасайтын жедел-тергеу тобының бақылауында. Өткен тәулікте қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі тіркелген жоқ», - деді әкім кеңесшісі.