ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қазіргі жағдай бойынша құтқарушылар үйінділердің астынан барлығы 4 адамды және 3 адамның денесін алып шықты.
Құтқарылғандарды және медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Үйінділерді талдау бойынша ізеу жұмыстарына 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың арасында құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есептоп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция, еріктілер бар.