«Кішкентайымнан тоқыма тоқығанды жаным сүйеді. Ең алғаш орамал тоқып бастадым. Содан қызығушылығым арта түсті. Ал ойыншық тоқуды ютуб платформасынан үйрендім. Бүгінде ойыншықтарыма көп адам қызығушылық танытып, сатып алады. Тоқыма тоқу жүйке жүйесі мен ми жұмысын жақсартады», - деді Анар Жолдыбаева.
Ол алдағы уақытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау арқылы шағын несие алуды көздеп отыр. Сүйікті ісін дамытып, тоқылған ойыншықтар сататын дүкен ашуды жоспарлаған.