Кезекшіге сағат 04:21-де өрт туралы хабар келіп түскен. Бес минуттан соң оқиға орнына «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС-ның қызметкерлері келіп жеткен, деп жазады Lada.
«№61 қондырғы маңындағы №4412 ұңғыманың жанында мұнай өнімдерінің өртке оранғаны туралы хабар келіп түсті. Ол МГӨБ-3 мекемесіне тиесілі. Бұл қондырғы Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым жерде орналасқан. Өрт сағат 04:55-те оқшауланып, сағат 05:00-де толық сөндірілді. Алты шаршы метрді жалын шарпыды. Өрттен келген шығынды анықтаушы белгілейді», - деп хабарлады аталмыш ведомство.