Қала мекемелері электр қуатымен және газбен тұрақты қамтамасыз етілуде. Жаңаөзеннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру және тазалау жұмыстары жалғасуда.
17:59, 27 Желтоқсан 2011
Жаңаөзеннің әлеуметтік мекемелері штаттық режімде жұмыс істеп жатыр
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Жаңаөзеннің барлық әлеуметтік мекемелері штаттық режімде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.