Жаңаөзеннің коммуналдық қызметтерін жабдықтау үшін 83 млн. теңге бөлінді

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласының коммуналдық қызметтерін жабдықтау үшін 83 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген,

деп хабарлады pm.kz. сайты.

Оның ішінде, техника сатып алу үшін 42 млн. 347 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар, аумақты тазалау мен абаттандыру үшін 150 млн. теңге бөлінген.

Қаланы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.