2018 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы Жанаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев баяндады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 21,1 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсіп отыр (2017ж. қаңтар-маусым айларында - 16,4 млрд.теңге).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,3 млрд теңгені құрады.
2018 жылдың 6 айы ішінде жалпы көлемі 96,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 516 бірлікке көбейіп, 8313 жетті. (2017ж. 6 ай - 7 797), оның ішінде заңды тұлғалар - 1 395, жеке кәсіпкерлер - 6918, ауыл шаруашылығы-19. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 21200 адам.
Жыл басынан бері 2743 жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсті (01.07.2017ж. - 2537 жұмыс орын).Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 237, жастар практикасы -102, қоғамдық жұмысқа - 1032, тұрақты жұмысқа орналасқандар - 1423.
Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу жоспарлануда.
«Осы жылдан бастап өңірімізде «Нұр-Капитал» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мамыр айынан бері «Нұр-Капитал» бағдарламасының негізінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 639,3 млн теңгенің 27 жобасы мақұлданды. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақытта 327 жаңа жұмыс орны құрылады. Осы жылдың соңына дейін жобалардың 60% ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, «Мемлекеттік - жекешелік әріптестік бағдарламасы» аясында, «Солнышко» балабақшасы мен ЖК «Жалымбетов» оңалту орталығының жобалары іске асырылуда», - деді қала әкімі Әділбек Дауылбаев.
Тұпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауовтың мәліметінше, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі- 325 млрд 643 млн 200 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94 млрд 818 млн теңгеге көбейген /01.07.2017 жылы - 230 млрд 825 млн 200 мың теңгені құрады/.
Ағымдағы жылдың қаңтар - мамыр айларына ауданда 1 843,5 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,6 % құрады.
Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі - 104,2% құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы- 732 млн 700 мың теңге /2017ж.-517,3 млн теңге/ нақты индекс көлемі - 102,1%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция - 21 млрд 722 млн 200 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 млрд 418 млн 900 мың теңгеге немесе 3,4 % көбейген (01.07.2017ж. - 19 млрд 303 млн 300 мың теңге).
Жалпы көлемі 32,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,6 мың ш.м. көбейген, немесе 108,6% / 01.07.2017 жылы - 29,7 ш.м. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көздері үлес салмағы 100% - ды құрайтын салушылардың меншікті қаражатынан болды.
«Кәсіпкерлерді қолдау бағытында шағын несиелендіруге осы жылдың 6 айында барлығы-12 адам 54,5 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізді немесе 227,1% /2017ж.- 3 кәсіпкер 24,0 млн теңге/. Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін Шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілерінің саны 1851 бірлікті құрады, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда /1717 бірлік, (+134) 8%-ға жоғары. «2018 жылғы «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында ауданнан барлығы облыстық үйлестіру кеңесінен 16 жоба қолдау тапты /сомасы - 310,796 млн теңге, жоспарланған жаңа жұмыс орны- 150/. Келесі кезекте ұсыну үшін 7 жоба қарастырылуда /сомасы 150,4 млн теңге, жаңа жұмыс орны 104/», -деді аудан әкімі Темірбек Асауов.
Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.