Бұл қызметке ҚР Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев тағайындалды.
Фото: azh.kz
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл қызметке ҚР Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев тағайындалды.