Жанар Дұғалова Баян Есентаевамен алда әлі жұмыс жасайтынын айтты
14:45, 23 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасындағы танымал әнші, «Turkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова өзінің сұхбаттарының бірінде Леонардо Ди Каприомен бірге фильмге түскісі келетінін айтты.
Сондай-ақ әнші Баян Есентаевамен алда әлі жұмыс жасайтынын айтты. «Ол кісімен әлі де алда талай жұмыс жасаймын. Композитор ретінде «Шайн продакшн» жобаларына ән жазуым мүмкін. Және өзге ұсыныстар түсіп, шақырып жатса, қуана-қуана барамын. Дәл қазір продюсерім жоқ, барлығымен өзім айналысып жүрмін», - деді ол. Ал әнші «Көкейіңізде жүрген алып арманыңыз бар ма?» деген сұраққа «Иә, бар. Леонардо Ди Каприомен бірге бір фильмге түскім келеді», - деп жауап берді.