Жанар Дұғалованың жаңа клипі жарыққа шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші, композитор, «Turkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова тыңдармандарына су жаңа клипін ұсынды. «Ала кетпедің» атты жаңа туындының әнін де, сөзін де Жанардың өзі жазған.

Басты рөлдегі Жанар мен танымал актер Тәуекел Мүсілім махаббаттың отына өртенген ғашықтардың образын көрсетті. Бұл Тәуекел мен Жанардың екінші ортақ жұмысы. Бұған дейін олар отандық «Махаббатым жүрегімде» сериалында ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған еді.