Жанар май нарығында тапшылық жоқ - Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанар-жағармай нарығында тапшылық жоқ және дүрлігуге негіз жоқ. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша бензин қоры - 100 мың тонна, дизельді отындар қоры - 180 мың тонна. Еліміздегі үш ірі МӨЗ-ның барлығы ЖЖМ өндіруді ұлғайтуда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы қыркүйек- қазан айларында жиын-терін науқаныны дизельдік отынмен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ) күрделі жөндеу жұмысы едәуір кеш мерзімге ауыстырылды.

Атмосфералық ауа температурасының төмендігінің салдарынан зауыттың жоспарлы жұмыс режиміне шығуы әрі қарай жалғасуда. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігінде, оның ішінде Алматы және Алматы облыстарында ЖЖМ жеткізуде кідірістер болды.

Қазір жағдай реттелуде және жуықта тұрақты жеткізу жұмысы қалыпқа келтірілетін болады.

«ҚР Энергетика министрлігі бекіткен барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары жоспарлы-алдын-алу жұмыстарының кестесінен 3 тәулік бұрын, яғни  2016 жылғы 9 қарашада аяқталғанды.

Осы кезеңде: технологиялық жабдықтарды, құбырларды, өндірістік пештерді, сорғы-компрессорлық түйіндерді, кабельдік желілерді, электр жабдықтарды, бақылау-өлшеу-аспаптарын және негізгі және көмекші құрылғылардың автоматикасын техникалық куәландыру және жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмысы кезінде зауытты жаңғырту жобасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша жаңа құбырларды және байланыстырылған жабдықтарды монтаждау, жаңа технологиялық желілерді бар құрылғыларға кіріктіру және қосу жүргізілді», делінген хабарламада.