деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың тікелей желі арқылы жолданған сауалдарына жауап беру кезінде.
«Бұл мәселені тездетіп қолға алмаса болмайды. Мұнайдың бағасы әлем бойынша құлдырап отырғанда, бізде оның құны керісінше, шарықтап барады. Мұны қалай түсінуге болады және бұдан пайда тауып отырғандар кімдер. Сондай-ақ астық құны да арзандады. Ал дүкендегі ұннан дайындалатын өнімдер сол қалпында. Үкімет бұл бағытта нақты шаралар қолдануы керек. Бұл елдегі әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Халыққа нағыз қызмет етті деген сонда ғана болады. Бұл мәселені нақтылы шешіп, оның орындалу барысынан мені хабардар етіп отыруларыңыз қажет. Осы айтылғандардың барлығы ақпарат құралдарында жариялансын», деді Президент.