Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Алматы қаласында «Miga Group» ЖШС-нің директоры Скрябинге айыппұл төлеу жазасы кесілді. Ол 2008 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қаңтар аралығында жанар-жағармай өнімдерін тиісті лицензиясыз сатудан 501 млн.теңге заңсыз табыс тапқан», - деді ол.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында «Жанар» ЖШС директоры міндетін атқарушы Жарпеков 2009 жылғы тамыздан 2012 жылғы қаңтарына дейінгі аралықта жанар-жағармайды тиісті рұқсатсыз сатып, 33 млн.теңге табыс тапқан.
Ал Павлодар облысында жеке кәсіпкер Ковтун «Павлодар-Омбы» тас жолында орналасқан жанармай құю бекетінде тиісті лицензиясыз мұнай өнімдерін сатып, нәтижесінде 130 млн. теңге табыс тапқан.
«Сот Ковтуннан мемлекет кірісіне 6 млн. теңге өндіріп алу туралы шешім қабылдады», - деді ресми өкіл.