«Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіске дайындық жұмысты күшейту қажет. Жеңілдікпен берілетін дизель отынын бөлу де ерекше бақылауда болуы тиіс. Алып-сату және қолдан жасалатын тапшылыққа жол бермеу керек. Бөлінген дизельді басқа жаққа жасырын сататын операторларға барынша қатаң шара қолдану керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
«Өңірлер бойынша егістік жерлердің жалпы ауданы және жанар-жағармайға қажеттілігі бар шаруалардың деректер базасын құру қажет», - дейді ол.
Бұған дейін Премьер-Министр егіс алқаптарына тыңайтқыштың жеткілікті себілмеуінен 10 млн тонна бидайдан айрылып отырғанымызды айтқан еді.