Бәсекеге қатысушылардың басым көпшілігі өздігімен үйренген оқырмандар. Өйткені, көз мүгедектеріне арналған мектеп Алматы қаласында болғандықтан оқырмандар кітапхана жанынан құрылған «Брайль үйірмесінде» дайындалады. Шараны кітапхана директоры Нұрлан Бақтияров ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Үздік оқырман» номинациясымен белсенді оқырмандар марапатталды. Бәсеке соңы кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Аталған шараның өз деңгейінде өтуіне "Абзал Проект-Консалтинг" ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Салкадин Мырзабеков, ЖШС «СМП-Қызылорда» директоры Темірхан Әлімқұлов демеушілік жасады.